Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

23 жастағы ақтаулықтан 3 граммнан аса синтетикалық есірткі тәркіленді

АҚТАУ, 29 желтоқсан. 23 жастағы ақтаулықтан “мефедрон” есірткісі тәркіленді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Маңғыстау облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Ақтау қаласының бірінші шағын ауданында 23 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады. Одан “мефедрон” синтетикалық есірткісі салынған алты түйір бума тәркіленді.

Жалпы салмағы 3,337 грамм болды.

Ұсталған азаматқа қатысты ҚР ҚК-нің 296-бабы 4-бөлігі бойынша тергеу басталды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Оның Ақтау қаласының аумағында есірткіні түйірлерін қойып кетумен айналысқан өзге де әрекеттерге қатыстылығы тексерілуде. Өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етілмейді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *