Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

СҚО тұрғыны ТЖ режимі жағдайында құқықтық тәртіпті бұзуды насихаттағаны үшін қамауға алынды

ПЕТРОПАВЛ, 11 қаңтар. Солтүстік Қазақстан облысындағы жергілікті пабликтердің әкімгері өз парақшасында экстремистік ұйымның іс-әрекетін насихаттап, митингке шақырғаны үшін әкімшілік жауапқа тартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлайды.

Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Петропавл қалалық сотының үкімімен жергілікті пабликтердің бірінің әкімгері төтенше жағдай режимінде қоғамдық тәртіпті бұзуға арандатқаны үшін 30 тәулікке қамауға алынды. Ол әлеуметтік желідегі парақшасында экстремистік ұйымның іс-әрекетін насихаттап, митингке шақырған жазба қалдырған.

«Қоғамдық тәртіпті бұзуға шақыратын әрекеттер үшін жауапкершілікті барлығы түсінуі қажет. Төтенше жағдай режимі кезінде азаматтардан саналылық және жауапкершілік танытуды сұраймыз. Барлық қабылданып жатқан шаралар, оның ішінде уақытша шектеулер, ең алдымен, халықтың қауіпсіздігі мен тыныштығын қамтамасыз етуге бағытталған», — дейді СҚО коменданты, ПД бастығы Марат Төлебаев.

Сондай-ақ жалған ақпарат таратқаны үшін жауапкершілік қарастырылған. Жалған ақпарат таратқан азаматтар ҚР Қылмыстық кодексінің 274-бабы бойынша 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. ҚР заңнамасында қоғамдағы тәртіпті бұзуға әкелетін әлеуметтік және ұлтаралық араздықты қоздыруға ықпал ететін арандатушылықтар үшін де жауапкершілік бар.

Төтенше жағдай режимі кезеңінде билік өкілінің заңды талабына немесе өкіміне бағынбаған жағдайда 2 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

Естеріңізге сала кетейік, СҚО полиция департаментінде төтенше жағдай кезінде шектеу шаралары мәселелері бойынша азаматтар CALL-орталығының 8 7152 61-25-42 телефонына хабарласа алады. Сондай-ақ, полиция қызметкерлері күдікті тұлғалар, фактілер, сондай-ақ төтенше жағдай режимін бұзу туралы «102» арнасына хабарлауды сұрайды.

 

 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *