СЕМЕЙ, 16 қаңтар. 2022 жылғы 15 қаңтарда Семей қ. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті жасырын есірткі зертханасын ұйымдастырушы «А» деген азаматты ұстап, УҰИ-ға қамады, деп ҚР ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлайды.
Жедел-тергеу іс-шаралары барысында заңсыз айналымнан 5 кг «а-PVP» психотроптық заты, 50 кг синтетикалық есірткі жасауға арналған прекурсорлар және зертханалық жабдық алынды.
Осы факт бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.