НҰР-СҰЛТАН, 17 қаңтар. Нигерияда «Биафранның байырғы халықтары» (IPOB) лаңкестік ұйымының жетекшісі Ннамди Канудың соты кезінде қауіпсіздік шаралары күшейтілді, деп хабарлайды Anadolu агенттігіне сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлайды.
Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, оңтүстік-шығыс Энугу, Эбонаи, Анамбра, Имо және Абия штаттарында төрт күндік коменданттық сағат жарияланды.
Бұл шешім ықтимал зорлық-зомбылық әрекеттерінің алдын алу мақсатында қабылданды.
IPOB басшысы 18-20 қаңтарда сот алдында жауап береді.
Канға қарсы жеті айып тағылып отыр, оның ішінде терроризм мен отанға опасыздық жасау.
Кану 2021 жылдың 27 маусымында тұтқынға алынып, шетелден Нигерияға әкелінді.