Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

 РФ-ға кетуге бағыт алған Қазақстан азаматтарынан жүк пен қол жүгін тексеру кезінде суық қару тәркіленді

НҰР-СҰЛТАН, 18 қаңтар. 2022 жылғы 16 қаңтарда «Нұр-Сұлтан» Шекаралық бақылау басқармасының әскери қызметшілері Астана әуежайының нысандарын күзету мен қорғауды жүзеге асыру кезінде мінез-құлық белгілері бойынша Ресей Федерациясына кетуге бағыт алған Қазақстан Республикасының 2 азаматын ұстады, деп ҚР ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты жазады.

Олардың жүгі мен қол жүгін тексеру барысында пышақтар, кастеттер мен кісендерден тұратын суық қару түрлері табылды.

Тексеру барысында олардың ұялы телефондарынан Алматы қаласындағы митингтерге, демонстрациялық әрекеттер мен бұзақылықтарға қатысқандығын растайтын бейнежазбалар табылды.

Ұсталғандар әрі қарай жауапкершілікке тарту үшін полицияның желілік бөлімінің қызметкерлеріне берілді.

Бұдан басқа, «Ташкент–Нұр-Сұлтан» қатынасындағы халықаралық рейсті рәсімдеу  кезіндегі паспорттық бақылау жұмысының нәтижесінде жалған төлқұжаты бар Тәжікстан азаматы анықталды, ол шекараны заңсыз кесіп өту мақсатында құжаттағы өзінің анықтамалық деректерін әдейі өзгерткен.

Мемлекеттік шекара бұзушы келген жағына қайтарылды.

 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *