АЛМАТЫ, 22 қантар. 2022 жылғы 20 қаңтарда Алматы қаласында Ұлттық қауіпсіздік комитеті жасырын есірткі зертханасын ұйымдастырушы «М» деген азаматшаны ұстап, УҰИ-ға қамады, деп ҚР ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлайды.
Жедел-тергеу іс-шаралары барысында заңсыз айналымнан 2 кг «мефедрон» психотроптық заты, прекурсорлардың ірі партиясы, зертханалық жабдық пен химиялық қорғау құралдары алынды.
Сотқа дейінгі тергеу материалдары ҚР ҚК 297-бабы 3-бөлігі бойынша СТБТ-ға тіркелді.