НҰР-СҰЛТАН, 23 қантар. Сириядағы «Бейбітшілік бұлағы» аймағында PKK/YPG-лік 10 террорист залалсыздандырылды, деп TRT агенттігіне сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлайды.
Ұлттық Қорғаныс министрлігі (ҰҚМ) жасаған мәлімдемеде террор ұйымы PПK/YPG-нің «Бейбітшілік бұлағы» аймағында халықтың тыныштығы мен қауіпсіздігінің бұзылуына рұқсат берілмейтіні атап көрсетілді.
Мәлімдемеде аймақта десанттардың шабуылға дайындалған PПK/YPG-лік террористтерге қарсы оқпен 10 террористті залалсыздандырғаны білдірілді.
Ирактың солтүстігіндегі Авашин аймағында болса Түрік қарулы күштері мен Ұлттық барлау ұйымының ортақ әуе операциясымен PПK-лық 3 террорист залалсыздандырылды.