Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Халықаралық Бағдат әуежайына зымыранмен шабуыл жасалды

НҰР-СҰЛТАН, 30 қаңтар.Иракта Халықаралық Бағдат әуежайының азаматтық бөлігіне 6 зымыранмен шабуыл жасалды, деп TRT агенттігіне  сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлайды.

Премьер-министрлікке жақындығымен танымал «NasNews» агенттігінің интернет парақшасына қарағанда Халықаралық Бағдат әуежайының азаматтық қанатына азанда 6 зымыранмен шабуыл жасалған.

Шабуылда аэродромдағы азаматтық бір ұшаққа зақым келгені хабарланды. Жаңалықтарда зақым тиген ұшақтың фотосуреттеріне де орын берілді.

Сондай-ақ Халықаралық Бағдат әуежайында Америка Құрама Штаттарының әскери базасы да орын алады.

Ирактың ресми мекемелерінен болса әзірге шабуылға қатысты мәлімдеме жасалмады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *