НҰР-СҰЛТАН, 31 қаңтар. Йеменнің оңтүстік-шығысындағы Шебве уәлаятындағы бір мешітке жасалған шабуылда 4 адам қаза тапты, деп TRT агенттігіне сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлайды.
Йеменнің оңтүстік-шығысындағы Шебве уәлаятындағы бір мешітке хоуситтер баллистикалық зымыран шабуылын жасады. Шабуылда 4 адам ажал құшты, 5 адам жарақат алды.
Йемен армиясы тарапынан жасалған мәлімдемеде шабуылдың Сафха аймағы Усейлан қалашығындағы Абдуллах бин Месуд мешітіне жасалғаны, мешіттің қатты зақымдалғаны білдірілді.
Оқиғаға байланысты хоуситтер әлі бір мәлімдеме жасаған жоқ.
Ұзақ уақыттан бері саяси тұрақсыздық болған Йеменде Иран қолдауындағы хоуситтер мен үкіметке қарасты күштер арасында қақтығыстар болуда.
Сауд Арабиясы басшылығындағы коалиция күштері болса, 2015 жылы наурыз айынан осы таңға дейін Йемен үкіметіне қолдау көрсетуде.