НҰР-СҰЛТАН, 01 ақпан. «Сирия демократиялық күштерінің» араб-күрд құрылымдары АҚШ бастаған халықаралық коалицияның қолдауымен Сирияның солтүстігіндегі Әл-Хасака қаласындағы қақтығыста «Ислам мемлекетінің» 246 террористінің көзін жойды, күрдттер тарапынан 79 жауынгер өлтірілді, деп сириялық «Аль-Ватан» газеті хабарлайды. Бұд туралы РИА Новости-ге сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлайды.
20 қаңтарда ИМ * содырлары лаңкестік ұйым мүшелері «Сирия демократиялық күштерінің» күрд жасақтары бақылауындағы «Ас-Сынаа» түрмесіне шабуыл ұйымдастырды. Сәрсенбі күні «Сирия демократиялық күштерінің» қолбасшылығы түрме толық бақылауға алынғанын, қалған мыңға жуық лаңкестер араб-күрд жасақтарына берілгенін хабарлады.
«Соңғы мәліметтерге сәйкес, «Ас-Сынаа» түрмесі мен оның төңірегінде болған қақтығыстарда 246 ИМ* лаңкестері, «Сирия демократиялық күштерінің» 79 қарулы жасақ жауынгері және жеті бейбіт тұрғын қаза тапты», — деп жазады газет.
26 қаңтарда «Сирия демократиялық күштері» үш мыңнан астам тұтқын болған түрмеге толық бақылау орнатқанын жариялады. New York Times америкалық шенеунікке сілтеме жасап, 200-ге жуық лаңкес қашып құтыла алғанын хабарлады.
* Қазақстан Республикасында тыйым салынған ұйым