ОРАЛ, 03 ақпан. 2022 жылғы 28 қаңтарда Орал қаласында Ұлттық қауіпсіздік комитеті «гидропоника» әдісімен марихуананы өсіру бойынша есірткі зертханасының ұйымдастырушыларын ұстады, деп ҚР ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты жазады.
Жедел-тергеу іс-шаралары барысында қаладағы жеке үйлердің бірінде екі азамат каннабистік топтың есірткі құралдарын заңсыз өсіргені және сақтағаны анықталды.
Заңсыз айналымнан 17 кг марихуана, 100 түп қарасора мен зертханалық жабдық, сондай-ақ кесілген тегіс ұңғылы мылтық пен травматикалық тапанша тәркіленді.
Сотқа дейінгі тергеп-тексеру материалы ҚР ҚК 297-бабының 3-бөлігі бойынша СТБТ-да тіркелді. Сот «күзетпен ұстау» бұлтартпау шарасын санкциялады.