НҰР-СҰЛТАН, 03 ақпан.Ирак және Сирияның солтүстігінде Дерик, Синджар және Каражак аймағындағы террористтік күштерге қарсы «Kış Kartalı»(Қыс бүркіті) әуе операциясы жасалды, TRT агенттігіне сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлайды.
Ұлттық Қорғаныс министрлігінен жасалған мәлімдемеде»Халықтың амандығын және шекара қауіпсіздігін сақтау үшін Ирак және Сирияның солтүстігінде әуе операция ұйымдастырылды. PKK/KCK/YPG және басқа террорист күштері залалсыздандырылды» деп көрсетілді.
Мәлімдемеде былай делінді: «Қыс бүркіті операциясында террористерге тиесілі баспана, үңгір, туннель, қару-жарақ қоймалары нысанаға алынды. Операцияның жоспарлау және атқарылуында азаматтардың жан және мал-мүлік амандығы сақталды. Түрік Қарулы Күштері еліміздің және ұлтымыздың қауіпсіздігі үшін террормен күресті табанды түрде жалғастырады».
Ұлттық Қорғаныс министрлігінен жасалған мәлімдемеде «Террористтің індерін жермен-жексен етеміз» делінді.
Президенттік аппараттың баспасөз хатшысы Ибрахим Калын Twitter-дегі парақшасында Ұлттық Қорғаныс министрлігінің «Террористтің індерін жермен-жексен етеміз» деген мәлімдемесіне сілтеме жасап, Түрік Қарулы Күштерінің Ирак және Сирияның солтүстігіндегі террор күштеріне қарсы жүргізілген «Қыс бүркіті» әуе операциясына тоқталды.
Ибрахим Калын мәлімдемесінде «Террорды жою стратегиямыз шекара қауіпсіздігімізге, территория тұтастығымызға және ұлтымыздың береке-бірлігіне үлкен үлес қосты. Халықаралық ұйым осы стратегиямызға тіпті көп қолдау көрсетуі керек» деп көрсетілді.