Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Алматыда телемұнара маңынан аңшылық қару табылды

АЛМАТЫ, 08 ақпан. “Көк-төбе” телемұнарасы маңынан аңшылық қару табылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

“Құқықтық тәртіп” жедел алдын алу іс-шарасы барысында “Көк-төбе” телемұнарасынан төменірек бұталардың арасынан арнайы үйретілген ит екі тегіс ұңғылы мылтықты тапты.

– Төңіректі кинолог- инспектор қызметтік-іздестіру итімен тексерді. Олар бұталардан екі мылтық тапты. Табылған затты тергеу-жедел тобы тәркілеп, қарудың шығу тегі мен иесін анықтау мақсатында сот-баллистикалық сараптамаға жіберілді. Жаппай тәртіпсіздіктер кезінде ұрланып, қылмыстық мақсатқа пайдаланылған болуы да мүмкін, – дейді Медеу аудандық Полиция басқармасының бастығы Дәурен Өтебаев.

Сонымен қатар, полицияда заңсыз қару сақтаған азаматтарға оларды өз еркімен тапсыруға мүмкіндік берілетінін еске салды. Сондай-ақ, қару мен оқ-дәрілерді тапсырған адамдар, егер олардың қылмыс жасауға қатыстылығы анықталмаса, қылмыстық жауапкершіліктен босатылады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *