Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Мас адам Петропавлдағы тұрғын үй мен дәріхананы «миналады»

 ПЕТРОПАВЛ, 09 ақпан. Мас ер адам Петропавлдағы үйлердің біріне “мина қойған”, – деп хабарлайды Polisia.kz.

СҚО полицейлері “телефон терроризмін” болдырмау үшін жұмыс жүргізуде. Әлеуметтік желілердегі ескерту, учаскелік полиция инспекторларының профилактикалық жұмыстары – тәртіп сақшылары терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау үшін ірі көлемдегі айыппұлдан 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылатынын еске салады.

Қаңтардың 9-ы СҚО ПД жедел ден қою қызметі Пушкин көшесі бойындағы көппәтерлі үйді тексеруге жіберілді. Жарылғыш зат анықталмады. Осы үйде орналасқан дәріханаға мас адам кіріп, үйге мина қойылды деп хабарлайды. Ер адам “ізін суытпай” ұсталды.

Аталған факті Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 273-бабы (Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау) бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Қазіргі уақытта тергеу жүргізілуде.

Ұқсас жағдай желтоқсан айында да орын алған. Онда да мас ер адам қаладағы үйлердің біріне бомба қойылды деп хабарлаған. Жалған терроризм фактілері көбінесе мастықпен жасалып жатады. Сондықтан профилактикалық жұмыс барысында түрлі есепте тұрған адамдар ерекше назарға алынады, – дейді СҚО ПД ЭҚІҚБ бастығы Руслан Жарасбаев.

Полицейлер мас күйіндегі әзілдің соңы неге әкелетінін жақсы түсінген жөн дейді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *