НҰР-СҰЛТАН, 11 ақпан. 2021 жылы Ресейде терроризм мен экстремизм үшін 1,2 мыңнан астам адам сотталған, деп Ресей Жоғарғы сотының төрағасы Вячеслав Лебедев мәлімдеді, деп ТАСС агенттігіне сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлайды.
«Террористік сипаттағы қылмыстар үшін 682 адам, экстремистік сипаттағы қылмыстар үшін 606 адам сотталды», — деді ол жалпы юрисдикция және төрелік соттар судьяларының отырысында сөйлеген сөзінде.
2020 жылы терроризм үшін 575, экстремизм үшін 325 адам сотталған.
Еске салайық, бұған дейін АҚШ-тың Ішкі қауіпсіздік министрлігі елдегі экстремистік топтардың қауіп-қатерлерінің өсіп жатқанын хабарлаған болатын.
«Тарихи тұрғыдан студенттердің көпшілігі афроамерикандықтар болған колледждер мен университеттерге, сондай — ақ басқа колледждер мен университеттерге, еврей мекемелері мен синагогаларға бағытталған қауіптер алаңдаушылық тудырады және экстремистік террористік топтарды зорлық-зомбылыққа шабыттандыруы мүмкін», — деп жазады агенттік.
АҚШ-тың Ішкі қауіпсіздік министрлігінің мәліметі бойынша, «Ислам мемлекеті» (ИМ*) лаңкестік тобы немесе оның филиалдары экстремизмге жария түрде үндеу жасауы мүмкін.
Бұған дейін Федералдық тергеу бюросының (ФТБ) директоры Кристофер Рей соңғы жылдары АҚШ-та мұндай экстремистік әрекеттерге қатысты істердің саны екі есеге өскенін айтқан.