Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

ҰҚШҰ оқу-жаттығуы 2022 жылы Қазақстанда өтеді

НҰР-СҰЛТАН, 11 ақпан.Қазақстанда Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы (ҰҚШҰ) Ұжымдық жедел ден қою күштерінің оқу-жаттығулары өтеді. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы Біріккен штабының бастығы генерал-полковник Анатолий Сидоров брифинг өткізді. Бейнеконференция байланысы режимінде ұйымдастырылған брифингіде ҰҚШҰ-ға мүше елдер қорғаныс ведомстволарының өкілдері қатысты.

Брифинг барысында 2021 жылғы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының қызметі қорытындыланды. Бірлескен іс-шараларда ҰҚШҰ жауапты аймақтарда дағдарыстық жағдайларға ден қою тетіктерін жетілдіруде де, оларды шешуге Ұйымның әскерлерін (ұжымдық күштерін) қолдануда да өте ауқымды міндеттер пысықталғаны атап өтілді. Одан өзге ұлттық контингенттердің ұжымдық қауіпсіздікке төнетін сын-тегеуріндерді бейтараптандыру тапсырмаларын бірлесіп орындау дайындығы да көрсетілді. Мәлім етілгендей, 2022 жылға арналған Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының жоспарында бірлесіп өтуге тиісті бірқатар шара бар.

«Оның ішінде Қазақстан Республикасының аумағында барлау күштері және құралдарының «Іздеу-2022» арнайы оқу-жаттығуын, «Эшелон-2022» материалдық-техникалық қамтамасыз ету күштері және құралдары арасындағы арнайы оқу-жаттығуын, Ұжымдық қауіпсіздіктің Орталық Азия өңіріндегі дағдарыстық жағдайды реттеу тапсырмаларын пысықтайтын ҰҚШҰ ұжымдық жедел ден қою күштері арасындағы «Өзара іс-қимыл-2022» командалық-штабтық оқу-жаттығуын өткізу жоспарлануда», — делінген ведомство хабарламасында.

Брифинг барысында ҰҚШҰ форматындағы әскери ынтымақтастықтың айрықша қорғаныс сипаты атап өтілген.

 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *