Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

НҰР-СҰЛТАН, 13 ақпан. Йеменнің оңтүстігіндегі Абьян провинциясында БҰҰ-ның бес қызметкері ұрланған. Бұл туралы Синьхуа агенттігі Йемендегі гуманитарлық көмек координаторы мен резидент-үйлестірушінің байланыс жөніндегі аға кеңесшісі Рассел Гикиге сілтеме жасап хабарлады, деп «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты жазады.

Оның айтуынша, ұрланған адамдар өз миссиясын аяқтағаннан кейін Аденге оралып келе жатқан.

 «БҰҰ олардың босатылуын қамтамасыз ету үшін билікпен тығыз байланыста», — деді Р.Гики.

Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, «Әл-Каиданың»*  йемендік бөлімшесінен шыққан белгісіз содырлар Абьян провинциясының шығысындағы Мудиа аймағында БҰҰ көлігін ұстап алған. Олар БҰҰ-ның бірнеше қызметкерлерін ұрлап, оларды белгісіз бағытқа алып кеткен.

Әзірге оқиға үшін жауапкершілікті ешкім өз мойнына алған жоқ.

Йеменде орналасқан «Араб түбегіндегі Әл-Каида» тобы негізінен елдің шығыс және оңтүстік провинцияларында әрекет етеді және қауіпсіздік күштеріне қарсы көптеген атышулы шабуылдарға жауапты.

Лаңкестер үкімет пен хуситтер арасындағы қақтығыс кезінде Йеменнің маңызды аймақтарында өздерінің қатысуын кеңейте алды.

 

* Қазақстан Республикасында тыйым салынған ұйым

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *