Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Алматы ҰҚК департаментінің және ҰҚК 5-департаментінің бұрынғы басшылары тергеліп жатыр

АЛМАТЫ, 17 ақпан. Бас прокуратура ҰҚК-нің тағы екі қызметкеріне қатысты тергеу жүргізіп жатыр. Ақпаратты бас прокуратура Sputnik Қазақстанға берген жауабында растады, деп «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты  хабарлайды.

«Ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкерлері Н.Мәжілов пен Р.Ысқақовқа қатысты тергеу жүріп жатқанын хабарлаймыз», — делінген бас прокуратураның жауабында.
Айта кетейік, ұлттық қауіпсіздік генерал-майоры Нұрлан Мәжілов Алматы қаласы ҰҚК департаментінің бастығы болып жұмыс істеді. Қалада дүрбелең басталған кезде ол ҰҚК басшысы болды. 2022 жылдың 13 қаңтарында оның орнына Марат Ирменов келді.
Ал Руслан Ысқақов ҰҚК бесінші департаментін басқарды.
Руслан Ысқақов пен Нұрлан Мәжіловтың ұсталғаны туралы ақпарат алғаш рет журналист М.Козачковтың телеграм-каналында жарияланды.
Бұған дейін Арнайы прокурорлар қызметінің басшысы Ризабек Ожаров ҰҚК-ның Алматы қаласы, Алматы және Қызылорда облыстары бойынша департаменттерінің лауазымды тұлғаларын әрекетсіздікке жол берді деп айыптаған болатын.
Еске сала кетейік, Кәрім Мәсімов жаппай тәртіпсіздіктерден кейін 6 қаңтарда Ұлттық қауіпсіздік комитетінің басшысы қызметінен босатылды. 8 қаңтарда оның ұсталғаны белгілі болды. Сондай-ақ оның екі орынбасары – Әнуар Садықұлов («А» арнайы мақсаттағы қызметінің бастығы) мен Дәулет Ерғожиннің ұсталғаны туралы хабарланды.
Бұған дейін қылмыстық іс Қылмыстық кодекстің үш бабы бойынша тергеліп жатқаны хабарланған болатын. Күдіктілерге мемлекетке опасыздық жасау және билікті күшпен басып алуға немесе Қазақстанның конституциялық құрылысын күштеп өзгертуге бағытталған әрекеттерден басқа, «билікті немесе қызметтік өкілеттіктерді асыра пайдалану» бабы бойынша айып тағылып отыр.
Орынбасарлардың бірі – Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі Самат Әбіш қызметінен босатылды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *