Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

ҰҚК: Алматыда тоғыз келі психотропты зат анықталды  

АЛМАТЫ, 18 ақпан. Ақпанның басында Алматыда Ұлттық қауіпсіздік комитеті психотропты заттар дайындайтын заңсыз зертхананы анықтады, деп ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап Sputnik Қазақстан хабарлады. 

«Көрсетілген заңға қайшы әрекетке қатысы бар болғаны үшін Алматы тұрғыны ұсталды. Заңсыз айналымнан шамамен тоғыз келі психотропты зат мефедрон пен «α-PVP» тәркіленді. Оның заңсыз нарықтағы бағасы шамамен 149 миллион теңгеге бағаланып отыр», — делінген комитет хабарламасында.
Сонымен қатар Алматыдағы басқа операция кезінде ішінде 500-ден астам «экстази» дәрісі бар қорап анықталды. Бұл қорап елдің батыс өңіріне жеткізілуге тиіс болған.
Баспасөз қызметі ұсынған ақпаратқа сәйкес, осы жылдың 7 ақпанында бір тұрғынның үйінен 200 грамм «а-PVP» психотропты зат тәркіленді.
Аталған фактілер бойынша Қылмыстық кодекстің 297-бабының 3-бөлігі («Есірткі, психотроптық заттарды дайындау, сақтау, сату») бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Бұл әрекеті үшін күдіктілердің мүлкі тәркіленіп, он жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *