Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Нигерияда аса қауіпті террористерің көзі жойылды

НҰР-СҰЛТАН, 21 ақпан. Нигерия әскери-әуе күштері ISWAP лаңкестік ұйымының 5 жетекшісінің көзін жойды, деп Anadolu агенттігіне сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты  хабарлайды.

Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, операция Африка елінің солтүстік-шығысындағы Борно штатының Тумбунс және Самбиса аудандарында жүргізілген.

Залалсыздандырылған лаңкестердің арасында аса қауіпті террорист Әмір Буба Данфулани де бар.

Нигерия армиясы өткен аптада «Боко Харам» тобының 34 лаңкесін залалсыздандырды.

Соңғы жылдары ұйымдастырылған операцияларына қарамастан лаңкестік ұйым Африканың ең көп қоныстанған елі Нигерияның қауіпсіздіге үлкен қатер тудыруды жалғастыруда.

«Боко Харам» 2000-шы жылдардың басынан бері белсенді болып келеді. 2009 жылдан бері 20 мыңнан астам адам экстремистік ұйымның құрбаны болды.

Боко Харам 2015 жылдан бері Камерун, Чад және Нигерге шабуыл жасап келеді. 2016 жылы «Боко Харамда» басталған көшбасшылық дағдарыс ұйымның  бөлінуіне әкелді.

Нигериядағы «Боко Харам» лаңкестік ұйымының негізін қалаушы Мұхаммед Юсуфтың ұлы Әбу Мусаб әл-Барнави 2009 жылы әкесі қайтыс болғаннан кейін «Боко Харам» ұйымының өкілі болды. 2016 жылы Әл-Барнави мен Абубакр Шекави арасында лаңкестік ұйымның қатарында билік дағдарысы басталды. Шекави «Боко Харамды» басқаруды жалғастырды, ал Әл-Барнави ISWAP деп аталатын жаңа террористік ұйым құрды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *