Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Шереметьево әуежайы миналау  туралы хабарламалардан кейін тексерілді

НҰР-СҰЛТАН, 26 ақпан. Мәскеудің Шереметьево әуежайы «миналау» туралы жасырын хабарламадан кейін тексерілді, қауіп жалған болып шықты, деп хабарлайды РИА Новости төтенше қызметтегі дереккөзге сілтеме жасап.Бұл туралы  «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлайды.

«Шереметьево әуежайының электрондық поштасына миналау туралы анонимді хабарлама жіберілді», — деді агенттік сұхбатшысы.

Ол аумақ тексеріліп жатқанын, әуежай штаттық режимде жұмыс істеп жатқанын атап өтті.

Кейінірек дереккөз бұл қауіп жалған болып шықты деп қосты.

«Әуежай тексерілді, қоңырау жалған», — деді дереккөз.

Ресей  қалаларындағы миналау толқыны 2019 жылдың қараша айында басталды. Белгісіз адамдар электронды пошта арқылы соттарда, мектептерде, сауда орталықтарында, дүкендерде, университеттерде жарылыс қаупі туралы ақпарат жібереді.Жарылыс қауіпі бір де бір рет расталмады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *