Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Хабаровскіде лаңкестікке шақырған 20 жастағы шетелдік ұсталды

НҰР-СҰЛТАН, 02 наурыз. Хабаровск қаласының тәртіп сақшылары терроризмге шақырған 20 жастағы шетелдікті қолға түсірді. Жас жігітке қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп Ресейдің Хабаровск өлкесі бойынша Федералдық қауіпсіздік қызметі басқармасының баспасөз қызметі хабарлайды, деп  «Народные новости» интернет-басылымына сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты жазады.

Құқық қорғау қызметкерлері ер адамды 2021 жылдың қараша айында ұстаған. Ұсталған азамат Орталық Азия елдерінің бірінің экстремистік идеологияны ұстанатын азаматы болып шықты. Қаскүнем интернетте террористік әрекеттерге жария түрде шақырған.

Қылмыскер Ресей Федерациясы Қылмыстық кодексінің 205.2-бабының 2-бөлігі («Терроризмге жария шақыру, терроризмді жария түрде ақтау және насихаттау») бойынша заң алдында жауап беруге тиіс. Тәртіп сақшылары шетелдіктің «Катиба Таухид валь-Джихад» (Ресейде тыйым салынған террористік ұйым) қауымдастығының мүддесі үшін  материалдармен бөліскенін анықтады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *