Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Талдықорған полицейлері жергілікті тұрғыннан аса үлкен мөлшерде синтетикалық есірткі тәркіледі

ТАЛДЫҚОРҒАН, 04 наурыз. Полицейлер 23 жастағы талдықорғандықтан синтетикалық есірткіні тәркіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Еркін ауылын патрульдеу кезінде полиция қызметкерлері Mercedes-Benz көлігін тоқтатты. Көлік жолаушысынан ұнтақ тәрізді сұр түсті 175 түйір табылды. Сараптамаға сәйкес алынған зат синтетикалық есірткі болып шықты.

– Сондай-ақ, ұсталған азаматтың тұрғылықты жері бойынша ұқсас заттар, электрондық таразылар, өлшеуіш қасықтар, скотч, қалташалар және есірткі заттарын өлшеуге және мөлшерлеуге арналған басқа да құралдар табылды, – деп хабарлады Талдықорған қаласының Полиция басқармасында.

Алынған синтетиканың жалпы салмағы шамамен 261 граммды құрады, бұл аса үлкен мөлшерге жатады. Факті бойынша қылмыстық іс ҚР ҚК 296-бабы 4-бөлігі (Есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, сол тектестерді аса ірі мөлшерде өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, сатып алу, сақтау, тасымалдау) бойынша қозғалды. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес күдікті үш жылдан жеті жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *