Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

ҚР ҰҚК есірткі арнасын жою туралы  хабарлады

АҚТӨБЕ, 07 наурыз. 2022 жылғы 23 ақпанда Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің қызметкерлері Ақтөбе қ. екі ҚР азаматын Интернет-ресурстары арқылы психотроптық заттарды өткізді деген күдікпен ұстады, деп ҚР ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты  хабарлайды.

Процессуалдық іс-шаралар барысында заңсыз айналымнан 1,7 кг-дан артық «мефедрон» және «α-PVP» психотроптық заттары алынды.

Ү.ж. 25 ақпанда есірткі тобының тағы екі қатысушысы ұсталды, олардан тінту кезінде 2,8 кг-дан артық синтетикалық есірткі алынды.

Сонымен қатар, ү.ж. 2 наурызда Шығыс Қазақстан облысында Алматы қаласынан Өскемен қаласына есірткі тасымалдауға күдікті азамат ұсталды. Тергеу іс-қимылдарында заңсыз айналымнан 1,2 кг психотроптық зат алынды.

Алынған есірткінің «қара нарықтағы» алдын ала құны 114 млн. теңгеден артық сомаға бағаланып отыр.

Осы фактілер жөнінде ҚР ҚК 297-бабы 3-бөлігі бойынша тергеу басталды.

Ақтөбе қ. және Өскемен қ. тергеу соттары көрсетілген адамдарға қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады.

 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *