НҰР-СҰЛТАН, 09 наурыз. Домодедово әуежайындағы Мәскеу-Махачкала рейсінің ұшағы миналау туралы жасырын хабарламаға байланысты тексерілуде, деп жедел қызметтердегі дереккөзге сілтеме жасап ТАСС хабарлайды.
«Домодедово әуежайында Мәскеу — Махачкала рейсінің ұшағы «миналанған» деген анонимді хабарлама келді. Тексеру жүргізілуде», — деді ақпарат көзі.
Дереккөз эвакуация жүргізілмейді деп қосты. Әуежай штаттық режимде жұмыс істейді, бірақ қауіпсіздік шаралары күшейтілді.