НҰР-СҰЛТАН, 10 наурыз. ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы исламтанушылардың қоғамдағы белсенділігі университетінің ректоры, профессор Мухаммад аш-Шаххатпен жүздесті, деп KazIslam.kz сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты жазады.
Кездесуге сондай-ақ НМУ проректоры, доцент Қайрат Құрманбаев қатысты.
Кездесу барысында университеттің тыныс-тіршілігі, оқу бағдарламасы, ағымдағы жұмысы мен алдағы жоспары пысықталды. Университет түлектерінің білімі мен жұмысқа орналасу мәселесі де сөз болды.
Сондай-ақ болашақ исламтанушылардың қоғамдағы белсенділігі, шешім қабылдай білуі және жамағаттың ауызбіршілігіне қызмет етуі де баса айтылды.