АТЫРАУ, 12 наурыз. 2022 жылғы 6 наурызда Атырау қаласында ҰҚК департаментінің қызметкерлері каннабистік топтағы есірткіні өңірлік жеткізуге қатысы бар деген күдікпен үш ҚР азаматын ұстады, деп ҚР ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлайды.
Ү.ж. 7 наурызда, алдын ала деректер бойынша, есірткі арнасының ұйымдастырушысы болған топтың тағы бір қатысушысы ұсталды.
Процессуалдық іс-шаралар барысында заңсыз айналымнан 61 кг-дан артық «марихуана» есірткісі алынды, оның «қара нарықтағы» құны 60 млн. теңгеден артық сомаға бағаланып отыр.
Осы фактілер жөніндегі сотқа дейінгі материалдар ҚР ҚК 297-бабы 3-бөлігі бойынша СТБТ-ға тіркелді.
Атырау облысының тергеу соты көрсетілген адамдарға қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады.