Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Кәрім Мәсімов қанша жылға сотталуы мүмкін – бас прокуратура жауабы

НҰР-СҰЛТАН, 14 наурыз.Бас прокурор Берік Асылов ұлттық қауіпсіздік комитетінің экс-төрағасы мен оның орынбасарларына қатысты қылмыстық істер туралы ақпарат берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстанға сілтеме жасай отырып «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты   хабарлайды.

Мәжілістің жалпы отырысында депутаттар Кәрім Мәсімовтың ісі мен оның қанша жылға сотталатынын сұрады. Бас прокурордың айтуынша, ұлттық қауіпсіздік комитетінің экс-басшысы және оның орынбасарлары 17 жылға сотталуы мүмкін.
«Мәсімов, оның үш орынбасары және екі бөлімше бастығына қатысты бірнеше іс қозғалып, тергеліп жатыр. Соның ішінде мемлекетке опасыздық жасау, билікті күшпен басып алуға әрекеттену, билікті асыра пайдалану және пара алу қылмыстары бар. Бұрынғы төраға мен оның орынбасарлары қамауда. Олардың әрекеттеріне құқықтық бағаны сот береді», — деді Асылов.
«Бірақ алдын ала айтып кететін болсақ, аталған қылмыстар үшін Қылмыстық кодексте 17 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған», — деп түйіндеді ол.
Айта кетері, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімов жаппай тәртіпсіздіктерден кейін 6 қаңтарда қызметінен босатылды. 8 қаңтарда оның ұсталғаны белгілі болды. Сондай-ақ оның екі орынбасары – Әнуар Садықұлов («А» арнайы мақсаттағы қызметінің бастығы) мен Дәулет Ерғожин ұсталды. Артынан Мәсімовтың тағы бір орынбасары Марат Өсіпов қамауға алынды. Ал Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі Самат Әбіш қызметінен босатылды.
Басында Қылмыстық кодекстің үш бабы бойынша тергеу басталған. Күдіктілерге мемлекетке опасыздық жасау және билікті күшпен басып алуға немесе Қазақстанның конституциялық құрылысын күштеп өзгертуге бағытталған әрекеттерден басқа, «билікті немесе қызметтік өкілеттіктерді асыра пайдалану» бабы бойынша айып тағылып отыр. Сосын пара алу фактілері бойынша тергеу шаралары қолға алынды.
Мәсімов премьер-министр лауазымында болғанда бизнес-құрылымның бірінен астанада құны 2,5 миллиард теңге тұратын элиталық тұрғын үй мен жер телімін алды деген күдікке ілінді. Оның коттеджінен бума-бума доллар мен қымбат көліктер тәркіленді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *