Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Хабаровск қаласының тұрғыны лаңкестік әрекеттерді дайындағаны үшін 8 жылға сотталды

НҰР-СҰЛТАН, 18 наурыз. Хабаровск қаласының 18 жастағы тұрғыны лаңкестік әрекеттерді дайындағаны үшін 8 жылға бас бостандығынан айырылды, оның 17 жастағы сыбайласы 45 мың рубль айыппұл төлеп құтылды, деп  хабарлайды РИА Новости Хабаровск өлкесі бойынша Ресей ФҚҚ  басқармасы мәлімдеді. Бұл туралы РИА Новости агенттігіне сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты  жазады.

Жас жігіт өзін оңшыл радикалды қауымдастықтың аймақтық жетекшісі ретінде көрсете отырып, Хабаровскідегі әкімшілік ғимараттарды «Молотов коктейльдермен» өртеп жібермек болғаны анықталды. Жедел уәкілдер жігіттің тұтанатын қоспаны жасаудың нұсқауларын интернеттен жүктеп алып, одан кейін дайын  құрылғыларды сынақтан өткізген және де кәмелетке толмаған құрбы қызын дайындыққа тартқанын анықтады. Олар ақшаға мұқтаж еді, осылайша қала тұрғынын бопсалап ірі көлемде ақша алмақ болған, бірақ 2020 жылдың тамыз айында қауіпсіздік органдарының қолына түсті.

 «Бірінші Шығыс әскери округтік соты экстремистік қоғамдастықты ұйымдастырып, террористік сипаттағы қылмыстарды дайындағаны үшін Хабаровск қаласының 18 жастағы тұрғыны мен оның 17 жастағы сыбайласы кінәлі деп танылды … Сот Хабаровск қаласының тұрғынын  жалпы режимдегі колонияда 8 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесті және 3 жыл мерзімге материалдарды, оның ішінде интернетте жариялауға тыйым салды», — деп хабарлады мекемеде.

Ал сыбайласына, оның өкінгенін және тергеумен белсенді ынтымақтасқанын ескере отырып, 45 мың рубль айыппұл төлеуге үкім шығарды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *