ПАВЛОДАР, 18 наурыз. Павлодарда есірткі тасымалдаған күдікті қолға түсті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Павлодар облысы ПД полицейлері арнайы іс-шара өткізу кезінде есірткі таратты деген күдікпен 36 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады. Қоғамдық тамақтану жүйесінде жұмыс істейтін ер адам өзін байыту мақсатында заңсыз интернет-дүкенге курьер болып орналасқаны анықталды. Онда ол есірткіні тарату туралы егжей-тегжейлі нұсқаулар алды, тиісті дайындықтан өтті.
– Күдікті Павлодар және Екібастұз қалаларының аумағында еркін айналымға тыйым салынған заттарды таратқан заңсыз интернет-дүкеннің курьері болып жұмыс істеді. Тыйым салынған есірткіні көп мөлшерде мекенжайлардан алып, белгілер жасап, таратқан. Психотроптық заттардың кезекті партиясын алған кезде күдікті ұсталды. Оған тиесілі көлікті тексеру кезінде жедел қызметкерлер жолаушылар орындығының астындағы жасырын жерде 423,9 грамнан астам психотроптық затты тапты, – деді Павлодар облысы Полиция департаментінің бастығы Василий Скляр.
Қазіргі уақытта аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы ҚК-нің 297-бабының 3-бөлігі (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті қамауда.