Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Сахалинде Орталық Азия елінің мигранты  лаңкестерді қаржыландырғаны үшін 8,5 жылға сотталды

НҰР-СҰЛТАН, 19 наурыз. Сахалин соты халықаралық лаңкестік ұйымның шоттарына қару-жарақ пен техника сатып алу үшін ақша жіберген 22 жастағы мигрантты 8,5 жылға бас бостандығынан айырды, деп Сахалин облысы бойынша РФ ФҚҚБ баспасөз қызметі мәлімдеді, деп ТАСС агенттігіне сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты  жазады.

«Сотталушы жасаған қылмыстың нақты мән-жайын және оның қоғамдық қауіптілік дәрежесін ескере отырып, сот алғашқы екі жылын  түрмеде, қалғанын қатаң режимдегі түзеу колониясында өтеумен 8,5 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Үкім заңды күшіне енді», — деп хабарлады ведомстводан. Сот отырысы барысында сотталушы өз кінәсін толық мойындады, істеген ісіне өкінді.

«Орталық Азия республикаларының бірінің азаматы исламның радикалды ағымдарының жақтаушысы бола отырып,» Новосібір  және Сахалин облыстарының аумағында болған кезінде  Ресей Федерациясында әрекетіне тыйым салынған халықаралық террористік ұйымның есеп шоттарына содырларға қару-жарақ, оқ-дәрілер, киім-кешек заттары мен жабдықтар алуға бірнеше рет ақшалай қаражат аударғаны белгілі болды. Мигрантқа қатысты Ресей Қылмыстық кодексінің 205.1 бабының 1.1-бөлігі («Террористік әрекетке жәрдемдесу») бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *