НҰР-СҰЛТАН, 20 наурыз. Сомали ұлттық армиясы елдің оңтүстігінде орналасқан Кисмайо ауданындағы әртүрлі жерлерінде қауіпсіздік операциясы барысында «Ал-Шабабтың» 7 содырын өлтірді. Бұл туралы армияның ресми өкілдеріне сілтеме жасай отырып Синьхуа агенттігі хабарлады, деп «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты жазады.
Операцияға жауапты қолбасшылар Сомали ұлттық армиясының радиостанциясы эфирінде хабарлағандай, содырлар Джубаленд штатының 11 ауылында қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында жүргізілген әскери операциялар кезінде жойылды.
«Операция барысында сол ауданда тұратын мұқтаж отбасыларға армия ауыз су мен азық-түлік үлестірді», — деп хабарлайды радиостанция.
Сонымен қатар әскерилер Кисмайо қаласынан 40 шақырымдай жердегі Бир Хани мен Габдули аудандарында үш содырды, оның ішінде бір жанкештіні өлтіріп, бомба орнатылған көлікті ұстады.
Бірнеше рет өткізілмей қалған парламенттік сайлауды аяқтау шаралары аясында Сомали үкіметінің күштері елдің оңтүстік және орталық аймақтарында экстремистік топқа қарсы қауіпсіздік шараларын күшейтті.
Сайлау процесіне қарсы болған «Аш-Шабаб» содырлары сайлауды болдырмау мақсатында делегаттарға бірқатар шабуылдар жасады.