НҰР-СҰЛТАН, 20 наурыз. Ауғанстанның оңтүстігіндегі Кандагар провинциясында жарылмаған артиллериялық снаряд жарылып, төрт бала қаза тапты, деп TOLOnews телеарнасы хабарлайды. Бұл туралы ТАСС агенттігіне сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты жазады.
Жергілікті полицияның мәліметінше, қайғылы оқиға Шах-Вали-Кот ауданында болған. Алдын ала мәлімет бойынша, балалар оқ-дәрімен ойнаған.
Телеарна снарядтың неліктен дер кезінде жойылмағанының себебін хабар етпеді.
Кейін қаза болған балалардың саны төртке жеткені белгілі болды.