НҰР-СҰЛТАН, 05 сәуір. 3 сәуір, жексенбі күні таңертең Сакраменто қаласында (Калифорния штаты) шабуылдаушылар өтіп бара жатқан адамдарға оқ атуы нәтижесінде алты адам қаза тауып, 12 адам жараланды, деп DW сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлайды.
Полиция қылмыскерлерді іздеуді жалғастыруда. Соңғы мәліметтер бойынша, екі шабуылдаушы болды.
Осы оқиғаға байланысты DW материалы жарияланған кезде әлі бірде-бір ұстау жүргізілген жоқ.
Атыс қаланың көптеген барлар мен түнгі клубтары орналасқан ауданында болды. Бұл мекемелер түнгі сағат 2:00-де жабылатындықтан, көшеде адам көп болды. Зардап шеккендердің арасында үш ер адам мен үш әйел адам бар екені хабарланды. Сакраменто полициясының ресми өкілі Зак Итонның айтуынша, шабуылға дейін болған оқиғаларды қалпына келтіру процесі қиын болғаны сонша, құрбандардың мәйіттерін бірнеше сағат бойы көшеде қалдыруға тура келген.
Бұл Калифорния штатының астанасында соңғы бес аптадағы екінші жаппай атыс болды.