НҰР-СҰЛТАН, 04 сәуір.Түркия Қарулы күштерінің арнайы күштері Сирияның солтүстігінде төрт террористті залалсыздандырды, деп Түркияның Ұлттық Қорғаныс министрлігі мәлімдеді. Бұл туралы «Анадолу» агенттігі сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлайды.
Хабарламада айтылғандай, YPG содырлары (КЖП сириялық қанаты) арандатуға және «Бейбітшілік бұлағы» операция аймағына шабуыл жасауды жоспарлаған.
Террористерге артиллериялық соққы жасалды.
Президент Режеп Тайып Ердоған 1984 жылдан бастап КЖП содырлары Түркияда қанды қылмыс жасағаннан бастап, 2020 жылдың наурызына дейін 7500 түрік қауіпсіздік күштерінің қызметкерлері мен 6800 бейбіт тұрғын осы қанды ұйымның қолынан қаза тапқанын айтты.
АҚШ пен Еуропа Одағы КЖП-ны лаңкестік ұйымдар тізіміне енгізді.
Анкараның жағдайды шешу жолдарын іздеуге тырысқанына қарамастан, КЖП лаңкестік ұйымы 2015 жылдың шілдесінен бастап қарулы шабуылдарды қайта бастады.
Соңғы жылдары Күрдістанның жұмысшы партиясы аймақтағы қанды қылмыстар үшін жауапкершілікті өз тармақтарына жүктеуге тырысады.
Сирияда КЖП лаңкестері PYD және YPG аттарымен жамылып жүр, ал соңғы екі жылда өздерін «Сирия Демократиялық Күштері» деп атады.