НҰР-СҰЛТАН, 10 сәуір. Қазақстандағы бітімгершілік операциясына қатысқан Қырғызстанның әскери қызметкерлері марапатталды, деп Zakon.kz-ке сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлайды.
Қырғызстан Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, шараға елдің Қорғаныс министрі генерал-лейтенант Бақтыбек Бекболотов, Қырғыз Республикасы Президенті Әкімшілігінің Ахуалдық орталығының директоры Әділет Джанұзақов, 52806 әскери бөлімінің қолбасшылығы мен жеке құрамы қатысты.
Бақтыбек Бекболотов ҰҚШҰ бітімгершілік күштері құрамында берілген тапсырмаларды орындау кезінде әскери қызметшілердің жауынгерлік даярлығы мен әскери тәртібінің жоғары деңгейін атап өтті .
Қырғыз Республикасы Қарулы Күштерінің бітімгершілік контингентінің жеке құрамы мемлекет басшысының атынан бағалы сыйлықтармен марапатталды.
2022 жылдың қаңтарында Қырғызстан әскери қызметшілерінің бітімгершілік күштері Алматы қаласындағы ЖЭО-2-ні күзетті.