НҰР-СҰЛТАН, 16 сәуір. Ракка қаласында АҚШ басқыншылық күштері қолдайтын «Касад» тобының екі содыры жолға орнатылған жарылғыш заттың жарылуы салдарынан жарақат алды, деп SANA агенттігіне сілтеме жасай отырып «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлайды.
Жергілікті ақпарат көздерінің SANA тілшісіне хабарлауынша, жарылғыш зат Ракка орталығынан батысқа қарай «Әл-Фирусия» стансасы маңындағы негізгі көшелердің біріне қойылған, ол жарылған кезде «касадшылар» көлігі зақымданып, ішінде отырған екеуі жараланған.