НҰР-СҰЛТАН, 25 сәуір. Филиппин мен Индонезия әскерлері өзара әрекеттестік пен лаңкестікке қарсы әлеуетті жақсартуға бағытталған бірлескен оқу-жаттығулар өткізуге келісті. Маневрлер 1-5 тамыз аралығында өтеді, деп The Philadelphia Inquirer басылымы хабарлайды, деп ТАСС агенттігіне сілтеме жасай отырып «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлайды.
Оқу-жаттығуды өткізу туралы келісімге өткен аптада Манилада Индонезия Құрлық әскерлері өкілдерінің қатысуымен өткен төрт күндік жоспарлау конференциясы барысында қол жеткізілді.