НҰР-СҰЛТАН, 11 мамыр.Сирияның солтүстігіндегі Баб ауданында бір көлікке тиелген бомбаның жарылуы салдарынан 1 бейбіт тұрғын қаза тапты, деп TRT агенттігі хабарлайды.
Түрік Қарулы күштерінің Евфрат қалқаны операциясымен террордан тазартылған Баб ауданының Зәмзәм аумағында көлікке тиелген бомба жарылды.
Алғашқы мағлұматтарға қарағанда террор шабуылында 1 бейбіт тұрғын қаза тапты.
Оқиға орнында тергеу жүргізген жергілікті қауіпсіздік күштері шабуылдың бөлшектеуші террор ұйымы YPG/PKK тарапынан жасалуы мүмкін екеніне назар аударуда.