НҰР-СҰЛТАН, 17 мамыр.Швеция мен Финляндия соңғы 5 жылдан бері Түркияның Фетуллахшы террор ұйымы мен бөлшектеуші террор ұйымы PKK мүшелерін ұстап беру сұранысына немқұрайлы қарады, деп TRT агенттігіне сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты жазады.
Әділет министрлігі сот шешімдері аясында соңғы 5 жылда Финляндиядан 6 FETÖ, 6 PKK-лық, барлығы 12 террористің кері қайтарылуын талап етті.
Министрлік сонымен бірге Швециядан 10 FETÖ, 11 PKK-лық, барлығы 21 террористің кері қайтарылуын талап етті.
Осылайша екі елден кері қайтарылуы талап етілген террористтер саны 33-ке жетті.
Бірақ НАТО мүшелігі күн тәртібінде тұрған бұл 2 ел Түркияның өтініштерінің ешқайсысына осы уақытқа дейін оң жауап қайтармады.
Екі ел Түркияның 19 террористі қайтару туралы сұранысын түрлі себептермен қабылдамай, 5 террорист туралы талапты жауапсыз қалдырды.
Финляндияда 2, Швецияда 7, барлығы 9 қылмыстық іс пен байланысты кезең жалғасуда.