Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Түркия қауіпсіздік қызметі лаңкестік әрекеттерді жоспарлаған ДАИШ жақтастарын ұстады

НҰР-СҰЛТАН, 17 мамыр.Шанлыурфа қаласында шабуыл жасауға дайындалып жатқан ДАИШ(ИМ)* жанкештісі ұсталды. Бұл биыл ДАИШ жоспарлаған және елдің арнайы қызметі алдын алған 10-шы лаңкестік әрекет, деп  TRT Haber агенттігіне сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлайды.

Ведомствоның мәліметінше, алдағы лаңкестік әрекет туралы ақпарат Сириямен шекаралас Килис провинциясының бас прокуратурасына келіп түскен.

 «Жиналған мәліметтер негізінде оңтүстік-шығыс Шанлыурфа провинциясында «Әби Энес әл-Кахтани» есімімен танымал содыр Башар әл-Мизханды ұстау операциясы жүргізілді», — делінген хабарламада.

Тергеу мәліметтері бойынша, сириялық әл-Мизхан «террористік ұйымның Дамаск ұяшығының» атынан Түркияда «истишхад» (жанкешті шабуылы) деп аталатын әрекетті жүзеге асырмақ болған.

Агенттіктің мәліметінше, Башар әл-Мизхан ДАИШ лаңкестерінің  қатарына  2015 жылы қосылған. Ол Сириядағы лаңкестік лагерьлерде әскери дайындықтан өткен, ДАИШ* содырлары жағында соғыс қимылдарына қатысқан.

Террорист Түркия туралы да ақпарат жинап жүрген, белгілі болғандай, Түркия аумағында теракт жасауға өз еркімен келген.

Бұл ДАИШ-тің биыл жоспарлаған, қауіпсіздік қызметі тосқауыл қойған 10-шы лаңкестік әрекеті.

* Қазақстан Республикасында тыйым салынған ұйым

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *