НҰР-СҰЛТАН, 20 мамыр. Хама қаласынан солтүстікке қарай 18 шақырым жерде орналасқан Суран ауылында лаңкестік ұйымдар қалдырған минаның жарылуы салдарынан бір бала зардап шекті, деп SANA агенттігіне сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлайды.
SANA тілшісінің хабарлауынша, лаңкестер қалдырған мина жақын жерде балалар ойнап жүрген кезде жарылған.
Зардап шеккен бала қажетті ем алу үшін Хама ұлттық ауруханасына жеткізілді.