НҰР-СҰЛТАН, 29 мамыр. БҰҰ-ның Малидегі көп салалы кешенді тұрақтандыру миссиясының (МИНУСМА) кем дегенде тоғыз әскери қызметкері сенбі күні елідің шығысында жарақат алды, деп БҰҰ миссиясы мәлімдеді. Бұл туралы ТАСС агенттігіне сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлайды.
«28 мамыр күні таңертең MINUSMA тыл жағынан қамтамасыз ету колоннасының бір көлігі Агелок қаласының оңтүстік-батысындағы ауданда минаға жарылды», — делінген Twitter парақшасында жарияланған MINUSMA мәлімдемесінде – Салдарынан тоғыз бітімгер зардап шекті. Олар ем алу үшін эвакуацияланды». Миссия құрамындағы қай елдің контингенті шабуылға ұшырағаны айтылмайды.
MINUSMA 2013 жылдың көктемінде БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің қарарымен құрылған. Миссияның міндеті — Мали билігіне республика аумағында қауіпсіздікті нығайтуға жәрдемдесу. Бүгінгі күні MINUSMA-да 15 мың әскери қызметкер бар.