Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Берлинде шетел азаматы адамдарды көлікпен қасақана қаққан, зардап шеккендер бар

НҰР-СҰЛТАН, 09 маусым. Германияда бір топ адамды қаққан күдікті қолға түсті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Кеше Берлинде тапа-тал түсте бір топ адамды көлік қағып кетті. Көлік апатынан 14 адам жарақат алды. Зардап шеккендердің барлығы оқушылар. Олардың алтауы ауыр халде. Оқиғадан бір әйел адамның қаза тапқан.

Оқиға орны қоршауға алынған. 130-дан астам маман жұмыс істеп жатыр. Жергілікті полицияның дерегі бойынша түскі уақытта «Рено» көлігінің жүргізушісі көшедегі жаяу жүргіншілерді қағып, кейін дүкенге соғылған.

Әзірге оның жазатайым оқиға әлде қасақана жасалған қылмыс екені белгісіз.

Жүргізуші ұсталды. Тергеу жүріп жатыр.

Айта кетерлігі, 5 жыл бұрын Берлиннің дәл осы ауданында террорлық шабуыл болған еді. Сол кезде Анис Амри есімді террорист көлігімен адамдарды қағып өтіп, 12 адамды мерт етті.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *