НҰР-СҰЛТАН, 11 маусым. Нигерияның солтүстік-шығысында «Боко Харам» лаңкестік ұйымына қарсы операция барысында 10 террорист залалсыздандырылды деп хабарлайды Anadolu агенттігіне сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты жазады.
«Хадин Кай» операциясының қолбасшысы генерал-майор Кристофер Мұса Борно штатындағы Кондуг аймағына лаңкестерге қарсы жасалған әуе шабуылында олардың нысанаға алынғанын айтты.
Мұса операция барысында 10 террористтің залалсыздандырылғанын, 3 қарулы көлік, қару-жарақ пен оқ-дәрілердің де қолға түскенін айтты.
Соңғы жылдардағы әскери операцияларға қарамастан, «Боко Харам» Африканың халқы ең көп қоныстанған елі Нигерияда үлкен қауіпсіздік проблемасын тудыруда.
2009 жылдан бері «Боко Харам» ұйымдастырған ауқымды лаңкестік әрекеттердің салдарынан 20 мыңнан астам адам қаза тапты.
2015 жылдан бері лаңкестік ұйым көршілес елдер – Камерун, Чад және Нигерде де шабуылдар жасаған. Ұйымның Чад көлі бассейніндегі шабуылдарынан кемінде 2000 адам қаза тапты.
Елде терактілер мен әскери қақтығыстар салдарынан жүздеген мың адам елден кетуге мәжбүр болды.