Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Бакуде ТМД елдері арнайы қызметінің басшылары терроризмге қарсы іс-қимыл мәселелерін талқылайды

Бакуде ТМД елдері қауіпсіздік және арнайы қызмет орган басшылары кеңесінің 41-отырысы басталды, деп хабарлайды BNews.kz.

Отырыс барысында қатысушылар терроризмге қарсы іс-қимыл, трансшекаралық ұйымдасқан қылмыс, ТМД кеңістігіндегі террористік қауіп-қатердің алдын алуға қатысты мәселелерді талқылайды.

Ресейдің Федералды қауіпсіздік қызметі ресми сайтының ақпаратына сәйкес, жиында «Ислам мемлекеті» халықаралық террористік ұйымымен бірлесіп күресу іс-шаралары қарастырылды.

Беларуста 2016 жылдың мамыр-маусым айларында терроризмге қарсы оқу өтті. Оның қорытындысы туралы Достастықтың Терроризмге қарсы орталығының басшысы есеп берді.

Кеңес отырысын бақылауға Еуропаның арнайы қызметінің өкілдері шақырылды.

Шара барысында Әзірбайжанның мемлекеттік қауіпсіздік қызметінің бастығы сөз сөйледі. Ол терроризм, экстремизм, агрессиялық сепаратизм мен ұйымдасқан қылмыспен күресу үшін тәжірибе және ақпаратпен алмаса отырып, бірлесе жұмылу керек. Сонда ғана мемлекет тұрақты дамып, қауіпсіз болады.

«Осы отырыстың тақырыбы ТМД кеңістігіндегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету проблемаларын қозғады. Оның ішінде, терроризм, діни экстремизм, ұлтаралық ұйымдасқан қылмыс та бар», — дейді Гулиев.

ТМД-ның атқару комитеті төрағасының орынбасары Қонысбек Жүсіпбеков жиын соңында қабылданған 16 құжаттың 5-еуі қауіпсіздікке қатысты екенін айтты.

Дереккөзі: BNews.kz

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *