Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

АҚШ-тың Алабама штатындағы шіркеуде атыс болды

НҰР-СҰЛТАН, 17 маусым.  АҚШ-тың Алабама штатындағы шіркеуде шабуылдаушы ашқан атыс салдарынан кем дегенде бір адам қаза тауып, екеуі жараланды. Бұл туралы жергілікті WBRC телеарнасына сілтеме жасап REGNU M ақпараттық агенттігі хабарлайды, деп «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты жазады.

Веставиа-Хиллс қаласындағы Әулие Стефан епископтық шіркеуінде белгісіз біреу оқ жаудырды. Атыс туралы ақпарат жергілікті полиция бөліміне жергілікті уақыт бойынша сағат 18:15 шамасында түскен. Бір күн бұрын жергілікті газетте шіркеу келушілеріне арналған бірлескен түскі асқа шақыру жарияланғаны, шара жергілікті уақыт бойынша сағат 17:00-де басталғаны атап өтілді.

Полицейлер оқиға орнына бірнеше минуттан кейін жеткен, күдікті оқиға орнынан қашып үлгермей, ұсталған. Атыс салдарынан бір адам оқиға орнында көз жұмды, тағы екеуі ауруханаға жеткізілді.

Күдіктінің мұндай әрекетке неге барғаны және оқиғаның мән-жайы анықталуда. Оқиға орнында тәртіп сақшылары жұмыс жасауда.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *