Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Н.Патрушев: Өткен жылы Ресейдің солтүстік-батысында төрт лаңкестік әрекеттің алды алынды

НҰР-СҰЛТАН, 22 маусым. Бейінді ведомстволар өткен жылы Ресейдің солтүстік-батысында лаңкестік әрекеттердің алдын алды. Бұл туралы сейсенбі күні Калининградта Солтүстік-Батыс федералды округіндегі (СБФО) ұлттық қауіпсіздіктің өзекті мәселелеріне арналған кеңесте Ресей Федерациясы Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Николай Патрушев мәлімдеді, деп ТАСС агенттігіне сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты жазады.   

Ол өткен жылы осындай шарада қабылданған шешімдердің орындалуын қорытындылауды ұсынды. Сол кезде макроөңір аумағында экстремистік және террористік көріністердің таралуына жол бермеу шаралары әзірленген.

 «Атап кетейін, өткен  және биылғы жылы ауданда терактілерге жол берілген жоқ. Бұл ретте төрт лаңкестік қылмыстың жолы кесілді », — деді Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы.

Сонымен қатар, Патрушев Солтүстік-Батыс федералды округінің барлық аймақтарында қақтығыс жағдайларының алдын алу үшін ұлтаралық  және конфессияаралық қатынастардың жай-күйіне жүйелі мониторинг ұйымдастырылғанын айтты. Елімізге халықаралық экстремистік және террористік ұйымдардың мүшелерінің кіруіне жол бермеу мақсатында аудан аумағында мигранттар тұратын орындарда тексеру жұмыстары жүргізілді. Олардың қорытындысы бойынша 38 мың құқық бұзушылық анықталды, екі мыңнан астам шетелдік әкімшілік қаулымен елден шығарылды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *