НҰР-СҰЛТАН, 27 маусым. Волгоград облысында әлеуметтік желілер арқылы экстремистік әрекетке шақырған (РФ Қылмыстық кодексінің 280-бабының 2-бөлігі) 29 жастағы жергілікті тұрғын сот алдына келді, деп Extremism.net сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлайды.
Сот үкімімен оған шартты түрде 1 жыл 10 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сондай-ақ интернет-экстремист бір жыл мерзімге интернетте үндеулер мен басқа да материалдарды орналастыруға байланысты қызметпен айналысу құқығынан айырылды.