КӨКШЕТАУ, 28 маусым. Көкшетаудағы Ақмола облыстық сотының ғимаратын таңертең полиция қоршауға алды. Арнайы операцияға бомба қойылғаны туралы хабарлама себеп болған, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Облыстық соттың баспасөз қызметі ақпаратты растады.
«Бүгін таңертең Ақмола облыстық сотының ғимаратында жарылғыш зат қойылғаны туралы сот маманына хабарлама келіп түсті. Қазіргі уақытта ақпаратты арнайы қызмет тексеріп жатыр», — деп атап өтті ведомство.